Экологтар Атырауды жайлаған жағымсыз иістің себебін анықтады

Атырау қаласында жағымсыз иістің тарауына байланысты облыстық экология департаменті түсінік берді, деп хабарлайды ATPress.kz.


Департаменттің баспасөз қызметі сынама нәтижесі бойынша аумақта атмосфералық ауада зиянды заттардың қалыпты жағдайдан асу фактілері байқалғанын хабарлайды.
«Зертханалық-талдамалы бақылау бөлімі мамандары "Казгидромет" РМК-нің Атырау облысы бойынша филиалы мамандарымен бірге қаланың бірнеше жерінен атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстарын жүргізді. "Перетаска", "Пропарка", "Химпоселок", "Восток" ауа сапасын бақылау стансыларының маңынан атмосфералық ауадан күкіртсутек, көміртек оксиді ингриденттері бойынша сынама алынды. Желдің бағыты — оңтүстік-батыс.
Сынама нәтижесінде "Перетаска" стансысы маңында күкіртсутек 0,000; көміртек оксиді  1,9,  "Пропарка" стансысы маңында күкіртсутек  0,03 (3,75 РЕШК); көміртек оксиді  1,3 көрсетті. "Химпоселок" стансысы маңында күкіртсутек - 0,01 (1,25 РЕКШ); "Восток" стансысы маңында күкіртсутек - 0,000 болды.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес селитебтік аумақтағы атмосфералық ауада зиянды заттардың нормативтен асу фактілері бойынша жинақталған құжаттар  облыстық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жолданады»  дейді департаменттің баспасөз хатшысы Елнара Оралқызы.


Айта кетейік, кеше, яғни 22 желтоқсан күні Атырау қаласында ауадан жағымсыз иіс байқалған болатын.
Түс ауа ауаға тараған иіс тіпті  жабық ғимараттың ішінен де айқын сезілді.