«Браконьер»: Атырауда жүзден аса құқықбұзушылық анықталды

Атырау облысы аумағында 20 қазан - 19 қараша аралығында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Іс-шара барысында барлығы 111 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы, яғни аң аулау қағидаларын бұзу – 18; ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы, яғни балық аулау қағидаларын бұзу – 51; ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы, яғни жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы – 7; ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы, яғни азаматтық, қызметтік, марапаттық коллекциялық қаруды, патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, ҚР аумағына әкелу, әкету және транзитпен өткізу тәртібін бұзудың 27 дерегі тіркелді. Сондай ақ, ҚР ҚК-нің 335-бабы, яғни балық ресустарын заңсыз аулау – 3, ҚР ҚК-нің 339-бабы, яғни өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысу дерегі бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді.

Барлығы 372,9 келі балық, оның ішінде 313,5 келі болатын бекіре тұқымдас балықтары, 40 балық аулау құралдары, 7 тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық қарулар мен 1 су көлігі тәркіленді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com