Ауа-райы: алғашқы қар Миялыға жауды

Атырау облысы аумағында алғашқы қар Қызылқоға ауданына жауды, деп хабарлайды ATPress.kz

10-11 қарашаға қараған түні Қызылқоға ауданында қар жауды, әсіресе, Миялы ауылы ақ көрпеге молынан жамылды. Жалпы, облыс бойынша алғашқы қардың осы ауданға түсуін, жергілікті тұрғындар дағдылы құбылыс деп есептейді. Алайда, жауған қар көпке бармай еріп кететіні де бар. 12 қараша күні ақ ұлпа толығымен болмағанымен, азайып кеткенін бірден байқауға болады, дейді миялылықтар.




Ал, «Қазгидромет» РМК ресми сайты 13 қарашада Атырау қаласындағы ауа райы күндіз +3, +5  жылылықты көрсететінін жарияласа, 14 қараша күні ауа температурасы +1, +3 деңгейінде болатынын болжауда. Ал, облыс бойынша синаптиктердің болжамы бойынша сынап бағанасы 1-6 градусты көрсетпек. 

Жалпы, облыс бойынша желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр болса, кейбір жерлерде 15-20 метрге дейін жетеді. 


ATPress.kz

Фотоны «Қызылқоға» газетінің редакциясы ұсынды