Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
«Өңірге өр суы бұдан бұрын айтылғандай 20-25 сәуір емес, 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында келуі мүмкін. Сала мамандарының сан түрлі пікірін сараптай келе осындай болжамға келіп отырмыз. Иректі су қоймасынан ағып келе жатқан судың Қазақстан-Ресей шекарасындағы үлкен жайылмаларға құйылуы оның алғашқы жылдамдығын азайтқан. Енді өр суы өңірге бес күн немесе бір апта кешігіп келеді деп күтілуде» деді Жасұлан Орақұлы брифинг барысында.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ