Бүгін Атырауда желі қолданушылары қаланы жайлап кеткен жағымсыз иіске жаппай шағымдануда.
Түс ауа ауаға тараған иіс тіпті жабық ғимараттың ішінен де айқын сезіле бастады.
ATPress.kz агенттігіне берген сұхбатында Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз-хатшысы Эльнара Оралқызы қазіргі уақытта мәселенің мән-жайын анықтап жатқандарын айтты.
- Облыстық экология департаментінің зертханалық талдау мен бақылау бөлімінің мамандары "КазГидромед" РМК Атырау облысы филиалы мамандарымен бірге Атырау қаласының бірнеше жерінен атмосфералық ауада сынама жұмыстарын жүрізуде.
Дәл қазір атмосфералық ауаның сапасын анықтайын стансының жанынан сынама алып жатырмыз. Бақылау жұмыстарын жүргізіп болған соң, толық ақпарат беретін боламыз, - деді Атырау облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы Эльнара Оралқызы.