Өңірлерде су тасқынының алдын алу жөніндегі іс-шаралары бар республикалық және өңірлік кешенді жоспарлар іске асырылуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Су тасқыны қаупі бар жерлер мен елді мекендер анықталды. Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде инфрақұрылымды нығайтуға және тәуекелдерді азайтуға бағытталған жобалар белсенді түрде іске асырылуда. Негізгі іс-шаралар - қорғаныс бөгеттері мен біліктерін салу және нығайту, су бұру каналдары мен арықтарды орнату, сондай-ақ су өткізу құрылыстары мен нөсерлі кәріз жүйесін жөндеу.
"2024 жылы Атырау облысында ұзындығы 250 км жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Жағалаудың осал жерлерін бекіту және Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылының ауданында, «Сарыөзек» каналының бойында, Қайыршақты ауылдық округінің Талқайран шағын ауданының және Талғайран-2, Бесікті және Ақжар ауылдарында сумен жабдықтау және кәріз сорғы станцияларының айналасында Жайық өзенінде қосымша бөгеттер салу және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде" делінген Төтенше жағдай министрлігінің хабарламасында.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ