Атыраулық мұнайшылар мыңға жуық ағаш екті

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының аясында Атырау қаласындағы «Отбасы» саябағында мұнайшылар мен қала тұрғындары 1000-ға жуық ағаш отырғызды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ағаш егуге келгендердің басым көпшілігі - мұнай-газ саласының, нақтырақ айтқанда АМӨЗ, KPI, Ембімұнайгаз сынды компаниялардың қызметкерлері. Акцияға қатысушылардың арасында студенттер мен қала тұрғындары бар.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тал егу, тазалық жұмыстары қала мен аудандарда әр сенбі ұйымдастырылуда.