Атырауда құтқарылған шабақтар 95 миллионға жуықтады

Сарыөзек және Соколок арналарынан және маңындағы көлшіктерден шабақтарды құтқару жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің бас маманы Алмас Жұмашев айтты.

Аталған аумақтардағы шабақты құтқару жұмыстарымен Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, «Арнаулы Автобаза» ЖШС-ның, «Сагиева» шаруа қожалығының қызметкерлері мен еріктілер айналысуда.

-Көктемде келген су каналдарға бөлінгені белгілі. Кішкентай көлшіктерде шабақ көбейіп, суда қалып қойып жатыр. Оларды жинап алып, Жайыққа жіберіп жатырмыз. Мысалы, Соколок арнасынан 8 қазан күні 1 млн 550 мың дана балық шабағы құтқарылды. Осы жұмыстарға 15 адам мен 3 техника тартылды,- деді А.Жұмашев.