Атырауда қоқыс төккен көлік иесі анықталды

Желіде Атырау қаласы «Самал» шағынауданында жеңіл жүк көлігі күндізгі уақытта бос жерге қоқыс төгіп жатқан видео тарады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Көп кешікпей қоршаған ортаны ластаған көлік иесі де анықталды. Бұл туралы Атырау қаласы әкімі баспасөз қызметі мәлім етті.

"Полиция департаментінің қызметкерлері көшедегі бейнебақылау камераларының көмегімен автокөлік иесін анықтады. Нәтижесінде, құқық бұзушыға тиісті заңдылыққа сәйкес абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Жауапты мекеме өкілдері қала тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға шақырып, айналаның көркін сақтау қажеттігі жөнінде ескертеді" делінген хабарламада.

qalaa e1736142067863