Атырауда қар тазалау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қаланың басты көшелерінде, әлеуметтік нысандардың маңында, көпірлер мен жаяу жүргіншілер жолдарында қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ жолдарға көктайғақтың алдын алу мақсатында арнайы реагент себілуде. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қар тазалау жұмыстарына 38 жүк аударғыш, 11 жүк тиегіш, 1 қар тазалау техникасы, 4 көпқызметті жол көлігі, 12 трактор және 200 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Қар тазалау жұмыстарына қатысты өтінімдер қалалық әкімдіктің әлеуметтік желі парақшаларында және 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қабылданады.Атырау қаласын қардан тазарту жұмыстары күшейтілген режимде жалғасады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ