Атырауда "Қауіпсіз жүргінші" іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қала аумағында автокөлік жүргізушілерінен бөлек жаяу жүргіншілердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы жиі орын алуда. Оған дәлел ретінде, жүргізушілердің көлік құралын басқару кезінде басқа іс-әрекеттерге алаңдауы себеп болса, жаяу жүргіншілердің белгіленбеген тыс жерлерден жолды қиып өтуі немесе ұялы телефон қолданумен құлаққап тағып жол қиылысында жүруі себеп болып отыр. Соның салдарынан жол-көлік оқиғасы туындап, жарақат алғандар саны мен қаза тапқандар саны күрт артуда. Осы ретте, Атырау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларымен орын алатын оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында қала аумағында 22-31 желтоқсан күндері аралығында "Қауіпсіз жүргінші" жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
- Орын алып жатқан жол-көлік оқиғасына біржақты ғана қарау мен себеп пен салдарды жете таразыламау қажет. Себебі жаяу жүргіншілер де белгіленбеген жерден жолды кесіп өту фактілері жиі кездестірудеміз. Сол себепті, жүргізушілерді, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдері орналасқан жерлерде жол қозғалыс ережелерін сақтауға, жолдарда жылдамдық режимін асырауға жол бермеуге шақырамыз!. Аталған дерекке байланысты жол ережелері талаптарын бұзған жаяу жүргіншілер ҚР ӘҚБтК-нің 615 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады"- деп атап өтті полиция қызметкерлері.
Қандай да бір құқық бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік хаттама жасақталып, екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде (6126 теңге) айыппұл салынатыны ескертіледі.