Референдумда қанша атыраулық дауыс беретіні белгілі болды
Атырау облысында референдумға қатысуға құқығы бар 412 мыңға жуық адам тіркелген. Өңірде 9 аумақтық, 274 референдум комиссиясы құрылған. Бұл туралы облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Вахталық қалашықтарда 38 сайлау комиссиясы құрылады. Сондай-ақ, ауруханалар, әскери бөлімшелер мен уақытша ұстау изоляторында 11 жабық учаске жұмыс істейді.
Комиссиялар құрамында 2037 мүше бар. Олар арнайы оқыту тренингтерінен өткен.
- Азаматтардың дауыс беру орны мен уақыты туралы ақпарат , өз учаскелерін іздеу қызметтері atyrau.gov.kz интернет-бетшесінде орналастырылды. Азаматтар өздерінің ЖСН нөмірін енгізе отырып Telegrambot @sailauAtyrauBot қосымшасынан қай учаскеде дауыс беретінін біле алады, - деді Азамат Айманакумов.
Оның айтуынша, дауыс беру күні облыста 94 инватакси қызметін ұйымдастырып, 15 сурдоаудармашыны тарту көзделген. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін учаскелер трафареттермен , тактильді жолақтармен қамтамасыз етіледі.
Айта кетейік, учаскелік референдум комиссиясы 6 қазан күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.