«Таза Қазақстан» акциясы бойынша Құрманғазы ауданында әртүрлі акциялар ұйымдастырылып, тұрғындар тұрақты түрде сенбілікке шығуда. Барлық сенбілікте 73 мекемеден 5000 адам қатысып, 20 тонна қоқыс орналастыру алаңына шығарылды.
«Биыл «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы тазалық, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары бойынша ауданымызда «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» атты экологиялық акциялар ұйымдастырылған болатын. Осы акциялар негізінде өткен сенбілікке ауылдың тұрғындары, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері және жергілікті мекемелердің қызметкерлері өзен жаға бойларын қоса алғандағы барлық жоспарланған аумақтарды қоқыстан тазартты» дейді Құрманғазы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Бақтыбекова Бақытгүл.
Жалпы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы негізінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру аясында сенбілік шаралары аудан орталығында және елді мекендерде тұрақты жүргізіліп келеді.