Исатай аудандық әкімдігінде бөлім басшысы тағайындалды

Исатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып Ермұханов Қадыржан Көшерұлы тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Еңбек жолын 1979 жылы “Жайықмұнайгаз” МГӨБ бастап, “Чапаев” совхозында, “Жігермұнайсервис” ЖШС қызмет атқарған. 2009-2021 жылдары аралығында Исатай аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімдерінде бас маман, бөлім басшысы лауазымдарын атқарған.
Аудан әкімі П.Хасанов аппарат жиынында жаңа басшының жұмысына сәттілік тілеп, бөлімге қарасты жұмыстарды бақылауға алып, ауданның ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында жұмыстарды тиісті деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.