Берешегі 1 млн. 850 мың теңгені құрайтын 7 шетелдік автокөлік анықталды

Қазан айының 27-сі күні басталған «Шетел автокөліктері» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде айыппұлдары бар 7 автокөлік анықталды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қараша айының 2-сі күні жедел басқару орталығының қызметкерлері «Сергек» автокөліктерді іздеу жүйесі арқылы анықтаған бұл автокөліктердің берешегі 1 млн. 850 мың теңгені құрайды.  Олардың екеуі  Армения және Қырғызстан, қалған бесеуі Ресей елінен әкелінген.

Аталған автокөлік иелерінің екеуі 377 мың теңге көлеміндегі айыппұлдарын сол жерден төлеген. Қалған бес көлік ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес,  арнаулы тұраққа қойылды.

Айта кетейік, «Шетел автокөліктері»  жедел профилактикалық іс-шарасы қараша айының  5-іне дейін жалғасады.