Бүгін Атырау қаласының «Стройконтора» маңында қолына пышақ ұстап, өткен-кеткенді қорқытып жүрген жігіт туралы видео тарады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Осы ретте Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 1986, 1993, 1994 және 2002 жылы туған ер азаматтарды анықтады.
Қазір олар Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілді.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, жігіттердің арасында болған түсініспеушілік салдарынан отбасылық жанжал туындаған.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА.