Атырау қаласындағы 5 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарына 1 млрд 740 млн теңге жұмсалып, үш мектептің оқушылары төртінші тоқсанда қашықтан оқытылатын болады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Сәдуақасова брифинг барысында мәлім етті. Осыған дейін AtyrauPress қаладағы №№19,27, 13, 31, 27 мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары басталып, оқушылар қашықтан оқуға жіберіледі деп хабарлаған-ды. Алайда брифинг барысында баста айтылғандай, 3 мектепте ғана сабақ қашықтан өткізіледі. Олар: №31,19, 27 білім ұялары. Ал №13 мен №22 мектептердің оқушылары дәстүрлі форматта сабақтарын жалғастырмақ.
«Мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстары 3,5-6,5 айға дейін созылады деп жоспарланып отыр. Сондықтан да ерте бастауды жөн көріп отырмыз. Біз де балалардың қашықтан оқығанын қалап отырғанымыз жоқ. Ата-аналар дұрыс түсінсе екен. Күзге дейін жаңбырға ұрынбас үшін мектептердің шатырларын жауып үлгеруіміз тиіс. Ал қашықтан оқу кезінде балаларды уақытша компьютерлермен қамтамасыз етеміз» деді Г.Сәдуақасова.
Айта кетейік, бүгін аталған 5 білім ұясының оқушылары төртінші тоқсандағы алғашқы сабағын мектепте өтті.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА.