Атырау қаласында жолақысын төлеуден бас тартқан жолаушы автобус жүргізушісін соққыға жықты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Дүйім жұрттың алдында жолаушы қоғамдық көлік жүргізушісіне жұдырық ала жөнелген. Бұл оқиға №22 бағыттағы автобуста орын алған.
«Смарт-Атырау» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Арслан Ароновтың айтуынша, бұл оқиға жолаушының жолақысын төлеуден бас тартуы салдарынан болған.
«Жүргізушінің бет-аузы мен көзі ісіп кетті. Жүргізуші полицияға арызын жазады. Бұзақы валидаторды да сындырып кетті», - деді А.Аронов.
Полиция қызметкерлері бұзақыны қолға түсірді. Ол автобус жүргізушісін ұрғанын және валидаторды сындырғанын мойындап отыр. Енді ол заң алдында жауап береді.
Эльмира Мықтыбаева
Фото: Видеодан скрин жасалды