Атырауда Наурыз мерекесін қалай атап өтеді

Назарларыңызға Атырау қаласында Наурыз мерекесінің тойлану кестесін ұсынамыз.

Infinity Eco Park Наурыз меркесіне орай жыл сайын Infinity Koktem Fest 2023 ауқымды фестивалін өткізеді. Ол Атырау қаласында 21-22 наурыз күндері өтпек.

21 наурыз күні сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін Infinity Koktem Fest 2023 ұйымдастырған марафон өтеді. Бұл спорттық шара да фестиваль аясында жүзеге асады. Оған 300-ден астам желаяқ қатысады.

Сонымен қатар фестиваль аясында Infinity Chess Tournament шахмат турнирі, YEMAA арт орталығында  Infinity Sadaq Aty облыстық садақ ату чемпионаты, қолөнер көрмесі, кофе қайнатудан баристалардың шеберлік сағаттары және тағы басқа шаралар жоспарланған.

Қалалық мәдениет бөлімі қзметкерлері хабарлағандай, 21 наурыз күні сағат 10:00-де Еркін қала ауыл аймағындағы «Нұрлы тал» этносаябағында мерекелік концерт өтеді.

21 наурыз күні сағат 15:00-де Томарлы ауылының мәдениет үйінде "Айтыс - сөздің майданы" қалалық ақындар айтысы өтеді. Ал 22 наурыз күні сағат 11-де темір жол вокзалының алдында Наурызға арналған мерекелік іс-шаралар өтеді. Қаланың басқа да жерлерінде мейрамға орай брқатар іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Ал Исатай мен Махамбет алаңында 21 наурыз күні сағат 11:00-де және 22 наурыз күні сағат 10:00-де театрландырыған көрініс көрсетіледі. Орталық алаңда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

22 наруыз күні сағат 19:00-22:00 аралығында қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен концерт ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, 19 наурыз күні сайлауға байланысты және 22 нарызда барлық автобустарда жол жүру тегін.