Атырауда Наурыз мейрамына орай қырықтан астам киіз үй тігіледі

Наурыз мейрамына орай Атырау қаласының Исатай мен Махамбет алаңында, шағынаудандар мен ауыл округтарында  44 киіз үй тігіледі.

Қалалық мәдениет бөлімі қызметкерлерінің хабарлауынша, қазақтың дәстүрі мен тұрмыс салтын көрсету үшін ашық аспан астында киіз үйлер бой көтереді.

Киіз үйлердің 17-сі Исатай мен Махамбет алаңында,  ал 13-і шағынаудандарда тігіледі. Ал ауыл округтарында 14 киіз үй орнатылмақ.