Облыстық білім беру басқармасының басшысы Ерлан Сламбековтың төрағалығымен өткен жиынға аудандық білім мекемелерінің басшылары онлайн режимінде қатысты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жиын барысында білім саласында жаңашылдықтар туралы айтылып, ағымдағы мәселелер талқыланды. Басқосуда ауыл балаларының ІТ сауаттылығын арттыру бағытында қолға алынған «Shyraqedukation» қорының таныстырылымы өтті. Қоғамдық ұйым алдағы уақытта білім беру басқармасымен жасалған меморандум негізінде оқушыларға графикалық дизайн, 3D модельдеу, спорттық бағдарламалау, веб-сайт құрастыруды үйрететін болады.
Тағы бір жаңалық - әр білім беру ұйымына Ұлттық тестілеу орталығы жүргізген білім сынақтарына анализ жасауға мүмкіндік берілуі. Атап айтқанда енді мектептер 2021 жылдан бергі нәтижелері арқылы пәндер мен тақырыптардың меңгерілу деңгейін саралап, кеткен кемшіліктерді анықтай алады.
Тағы бір жаңалық - "Цифрлық ұстаз" жобасының іс қосылуы. Жоба аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдауға арналған. Енді барлық оқушы қосымша білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Жиын барысында НОБД жүйесінің тиімділігі, басқа да ағымдағы мәселелер талқыланды.
Мира Нұртаева