Атырау мұнай өңдеу зауытында не болған?

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС №33 резервуар паркіндегі тауарлық автобензин компоненттерін айдау желісінде ағып кету фактісі анықталғанын растады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Кәсіпорынның баспасөз қызметінен білгеніміздей, жауапты мамандар құбырды резервуардан ажырату шараларын қабылдаған.

"Қазіргі кезде зауыттың жауапты қызметкерлері орын алған жағдайдың салдарын жою жұмыстарын жүргізуде. Оқиға мұнай өнімін жөнелту көлеміне әсер етпейді. Зауыт штаттық режимде жұмыс істеуде" дейді зауыттың баспасөз қызметіндегі мамандар.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: Әділет ҚАНАТҰЛЫ