30 «мамыр», 2022 1800

Атырауда деструктивті діни ағым өкілінен тапанша мен ел аумағында тиым салынған кітаптар тәркіленді

 Атырауда деструктивті діни ағым өкілінен тапанша мен ел аумағында тиым салынған кітаптар тәркіленді

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 1993 жылы туған деструктивті діни ағым өкілі ұсталып, тапанша, оқ-дәрілер мен тиым салынған діни кітаптар тәркіленді.

Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті мен Атырау облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында 1993 жылы туған деструктивті діни ағым өкілін анықтап, тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізу кезінде 9 мм «МР-79» калибрлі травматикалық тапаншасы, 14 дана патрондары, Қазақстан аумағында таратуға тиым салынған мағлұматтар бар 5 дана флеш карта мен 17 дана діни кітаптар тәркіленді.

Күдікті ҚПК-тің 128-бабының негізінде уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша Атырау қаласының №2 Полиция бөлімімен ҚК-тің 287-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.