Атырауда 10-11 қарашада күн жылы болады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ертең түнде облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, тұман түседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі жазады. «Казгидромет» РМК Атырау облыстық филиалының мәліметінше, бүгін солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 9-14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы +8 градусқа дейін жоғарылайды.
11-ші қарашада облыс бойынша ауа температурасы күндіз +4 +9, түнде +5 градус жылы. Ал Атырау қаласында көшпелі бұлт болғанымен жаңбыр жаумайды деген болжам бар. Солтүстік-батыстан секундына жылдамдығы 5-10 метрдан аспайтын жел соғады. Ауа температурасы қалыпты.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ