Атырауда 39 жастағы әйелді көлік қағып кетті (видео)
- YouTube:
Атырау облысы Құрманғазы ауылында УАЗ автокөлігі 39 жастағы тұрғынды қағып кетіп, салдарынан әйел ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды AtyrauPress.
"26 мамыр күні сағат 10:30 шамасында Құрманғазы ауылы, Абай көшесінің бойында 1966 жылы туған азаматтың басқаруындағы маркасы УАЗ автокөлігі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті" , - деп жазылған облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.
Соқтығыс салдарынан 39 жастағы азаматша әр түрлі дене жарақатымен Құрманғазы аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Сол сәтте оған қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Өкінішке қарай, зардап шеккен әйел ауруханада қайтыс болды.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚҚ-нің 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА