11 ақпанда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы "Атырау-Кутаиси" бағытындағы №КС-7993 халықаралық әуе рейсімен өту кезінде Грузия Республикасының азаматының қол жүгінде 10 мың АҚШ доллары болып, бұл туралы "Ауежай-Атырау"кеден бекетінің қызметкерлерін хабардар етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Алайда, кедендік бақылауды жүргізу кезінде Атырау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің шекаралық бақылау бөлімшесінің және Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп Грузия Республикасы азаматының чемоданынан 90 мың АҚШ доллары мөлшерінде кедендік бақылаудан жасырылған ақшалай қаражат табылды.
"Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Президенттің 2022 жылғы 14 наурыздағы Жарлығына сәйкес республикадан қолма-қол шетел валютасын және (немесе) ақша құралдарын шетел валютасында 10 мың АҚШ долларының баламасынан асатын және Ұлттық Банкінің күні белгіленген бағамы бойынша есептелген сомада әкетуге тыйым салынады.
Анықталған 100 мың АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай қаражат "ДХЛ ИНТЕРНЕЙШНЛ Қазақстан" ЖШС УСҚ-ға қабылдау-тапсыру актісімен орналастырылды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ