Мақаттық бір топ жас Африкадағы жетімдер үйіндегі балаларға ауызашар берді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Ауызашар 60 адамға ұйымдастырылды. Оны Африкадағы мұсылман халқына ауызашар беретін қор қолға алған. Мақаттағы 14 белсенді жас сол қорға арнайы ақша аударған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Африка мұсылмандары ауыздарын қара сумен ашатынын естігенде ас беру бастамасы ойға келген.
«Қасиетті Рамазан айындағы игі істердің төресі - ауыз аштыру. Олардың күнкөріс деңгейлері өте төмен. Оның үстіне, елімізде ауызашар беріп жатқандар өте көп. Өңірлердегі әрбір мешітте де олар күнделікті тегін ұйымдастырылады. Аталмыш елдегі халықтың жағдайына қарап шүкіршілік етсек деген ой», - дейді ұйымдастырушылар.
Мира НҰРТАЕВА