Атырау облысының үш мектебі үздіктер қатарына енді

Атырау облысының мектептері «100 үздік олимпиадалық мектептер» қатарына енді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы 2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысушы мектептер арасында еліміздің 100 олимпиадалық мектептері рейтингісін жариялады.

Мұнайлы өлкеде «Қазақстанның 100 үздік олимпиада мектептері» қатарына 3 білім беру ұйымдары енді. Олар:

- «Білім-Инновация» лицей-интернаты - 3 орын;

- Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия - 40;

- Құрманғазы ауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп - 98 орын.

Рейтинг формула бойынша шығарылды, мұнда алтын медаль 3 ұпаймен, күміс медаль 2 және қола медаль 1 ұпаймен бағаланады.

Айта кетейік, Атырау облысында 200-ден астам мектеп бар.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА