Көктоғай ауылында Жайық өзенінен суға батып кеткен баланың денесі шығарылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Құтқарушылар оны үш күн бойы іздеген болатын. Облыстық ТЖД мәлім еткендей, оқиға 5 шілде күні орын алған. 2011 жылы туған бала суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған.
Департаменттің баспасөз қызметінен білгеніміздей, аталған ауылда Жайық өзенінің тереңдігі 16, ені 200 метрді құрайды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ