Атырау облысында еріген қар суының мол болуын байланысты тасжол жабылды

Облыстық маңызы бар “Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз” тасжолында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті ескертіп отыр.
Тас жолдың 248-260 шақырым аралығында (Миялы-Жангельдин) еріген қар суының көп болып, тасжолды жарып өткендіктен, жол қозғалысына шектеу қойылды.