Атырау облысында апатты үш үйдің тұрғындары көшірілуде

Индербор кентінде апатты жағдайда тұрған Қабдешов көшесіндегі 3 тұрғын үйдегі 24 отбасының тұрғындары  көшірілуде, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов Facebook парақшасына жазды.  

«Бұл мәселелер облыс әкімі Серік Шәпкеновтың қатысуымен өткен тұрғындар жиындарында көтерілді. Облыс басшысының қолдауымен былтырдан бастап, ұзақ жылдар қордаланған проблемаларды шешуде облыстық бюджет тарапынан пәрменді шаралар қабылдануда. Атап айтсақ, былтыр Индербор кентіндегі апатты деп танылған З.Қабдешев көшесіндегі екі тұрғын үйдегі 16 тұрғынға  баспана берілді. Ал биыл аудандық мәслихат, қоғамдық кеңес және қоғам белсенділерінен құралған комиссия тұрғын үйлерді зерделеп, ең бірінші кезекте апатты жағдайда тұрған Қабдешов көшесіндегі 3 тұрғын үйдегі 24 отбасының тұрғындары  көшірілуде», - деп жазды Д.Шамұратов. 

Енді апатты үйлер бұзылып, орындары тазаланады және мемлекет қажеттілігіне сай басқа мақсатқа қолданылады.

Айта кетейік, Индербор кентіндегі көпқабатты 65 тұрғын үй бар. Оның 20-сы  1963-1978 жылдары аралығында салынған және апатты үйлер санатында. Қазір апатты үйлерде 604 адам тұрады.