Атырау колониясында 103 жазасын өтеуші әйел жұмыс жасайды

Атыраудағы әйелдер колониясында 169 әйел айыбын өтеуде.

Атырау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 79 мекемесінде жазасын өтеп жатқан нәзік жандылардың ішінде жасы да, жасамысы да бар.

  Мекеме бастығы, әділет майоры Жандос Жұмашевтің айтуынша, түзеу мекемелерiндегi адамдарды жұмыска алуға ынталы кәсіпкерлер қатары жыл санап артып келедi. Қазiр мұнда 7 кәсіпкер кызмет аткарады. "Бизнестің жол сыларына картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы арқылы каржылай колдауға ие болған олар 103 жазасын өтеушiнi жұмысқа тартып отыр.

  - Жалпы, сотты болғандарды жұмыспен қамтудын тиiмдi тұсы - бос уақыттарын пайдалы iске арнайды әрі сол жерде кәсiпкерлiк бiлiктiлiктерiн арттырады. Қапастағы тiршiлiгiн жеңілдетіп қана коймай, бостандыққа шыққан соң да жаңа өмiрге тез бейiмделуiне көмектеседi. Сонымен қатар, сот үкім еткен материалдык шығынды өтеуге мүмкіндік алады. Абақтыда жасап жүрген жұмысын бостандыкта да жалғастыруға болады. Бұл бұрынғы сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау каупін азайтады және жумыссыздық деңгейiн төмендетеді, - дейді Жандос Ғарифоллаұлы.