ҚР Бас прокуроры Берік Асылов қаңтар кезіндегі бас кесу оқиғалары туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қаңтар оқиғасы кезінде қаскөйлер адамның басын кесіп алды деген қауесет болды. Мұндай факті шынымен тіркелді ме?» деп сұрады журналистер Мәжіліс кулуарында.
«Қаңтар оқиғасы басталғанда әртүрлі ақпарат, ішінде жалған хабарлар да болды. Барлығы қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні басталды. Елестетіп көріңізші, бір уақытта 8 қалаға шабуыл жасалды, көптеген нысандар, әкімдіктер өртенді. Түрлі ақпарат көздерінен түрлі хабарламалар, дезинформациялар болды. Сондықтан бас кесу туралы ақпаратты тексердік және бұл хабар расталмады», - деді Берік Асылов.
Фото: ABDUAZIZ MADYAROV/AFP