Тәуелсіздік күні қарсаңында ауданның орталық саябағында мемлекеттік рәміздер алаңы ашылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау мақсатында ашылған алаңға Ту, Елтаңба және Гимннің шығу тарихы жазылған тақталар қойылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Ашылу салтанатына аудан әкімі, жергілікті тұрғындар мен ауыл ақсақалдары қатысты.
- Мемлекеттік рәміздер — біздің тәуелсіздігіміздің нышандары, ұлттық бірлігіміздің негізі. Олар әрбір қазақ азаматында елге деген сүйіспеншілік пен патриотизм сезімін оятады. Бүгінгі шара — осы рәміздерге деген құрметімізді көрсете отырып, жас ұрпаққа тәуелсіздік тарихымызды, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға зор мүмкіндік береді, — деді аудан әкімі Азамат Мәмбетов.
Сәуле МАҒАУ