16 «Сәуір», 2021 931

Атырауда сотталғандар екпе алды

 Атырауда сотталғандар екпе алды

Атыраудағы тергеу изоляторында жазасын өтеуге шаруашылық қызметіне қалдырылған азаматтар ерікті түрде коронавирусқа қарсы екпе алды, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінің хабарлауынша, 10-нан астам сотталған мекемеде шаруашылық қызметіне қалдырылған. Олар – аспаз, аспаз көмекшісі, аула сыпырушы секілді қызметте жұмыс істейді.

- Екпені ерікті түрде алдым. Түрмеде отырсақ та, екпе алуға жағдай жасаған мекеме басшылығына алғыс айтамын. Екпе алғаннан кейін шәй ішіп, 30 минут дәрігер бақылауында болдым. Өзімді жақсы сезініп тұрмын, - дейді ұрлық бабы үшін сотталған Тілеген.

Енді 21 күннен кейін сотталғандар вакцинаның ІІ компонентін алады. Барлығы тәулік бойы дәрігер бақылауында болады.