Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Жас маман – 2024» бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға өңірдегі 116 ірі кәсіпорын мен серіктестіктер қатысты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жұмыс беруші мекемелер бос жұмыс орындарына орналасудың негізгі талаптары мен ережелерін түсіндірді. 2023 жыл оқуын аяқтаған түлектердің 83 пайызы жұмысқа орналасқан. Биыл 2 мыңнан астам түлек оқу бітіреді. Бүгінде олардың қатарында өндірістік тәжірибе кезінен әртүрлі мекеме тарабынан жұмысқа қабылдауға мүмкіндік алғандары да бар.
Фото: asu.edu.kz