Атырауда 200-ге жуық жүкті оқушының жартысы ғана босанған

Атырауда былтыр 173 жасөспірім жүктілік бойынша тіркеуге алыныпты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Оның 102-сі қаладан, қалғаны ауылдан екен. Былтыр 85 жасөспірім дүниеге сәби әкелген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, ерте жүктілік көрсеткіші Мақат пен Жылойда жоғары. Бірақ, биыл бұл көрсеткіш өңірде төмендеп отырғаны байқалады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ашық дереккөз