Атырауда 1,5 млн теңге алуға өтінім қабылдануда

Бұл туралы әкімдік хабарлады. "Атырау қаласы бойынша 2023 жылға «Отбасы банкі» АҚ-нан «Бакытты отбасы» бағдарламасына қатысып төлем қабілетін растаған (көп балалы отбасылар, мүгедек балаларды асыраушы отбасылар, толық емес отбасылар) азаматтарға 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеге дейін тұрғын үй сертификатын алу үшін өтініш беру басталғандығын хабарлаймыз" делінген хабарламада.
Қажетті құжаттар:
1) нысан бойынша өтініш;
2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі);
3) соңғы 6 (алты) ай ішіндегі еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына);
4) Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда (мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы отбасылар, толық емес отбасыларды) қоспағанда жұмыс орнынан анықтама;
5) қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы «Отбасы банкі» АҚ-ның хаты.
Құжаттарды қабылдау жұмыс уақытына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау қаласындағы бөлімдері (ЦОН) арқылы жүргізіледі.
Қосымша сұрақтар және анықтамалар үшін: 8 (7122) 25-44-62, 25-43-55
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ