Зират басында азаптап өлтірген...

Бразилияда әйелдің ішінен жын шығармақ болып, оны кресте азаптаған бір топ экзорцист қамауға алынды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NB Noticias басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Ұсталғандардың ішінде ағалы-інілі, екі азамат олардың әкесі мен жанында еріп жүрген бір әйел бар. Олар 57 жастағы Зильда Корреа Битекурдың денесін ауруханаға апара жатқан жерінен құрықталды.

Өздерін “әулиелердің әкесі” деп таныстырған бір топ ер адам ішіне жын кіріп кеткен адамдарға көмектесетінін айтып, қызмет ұсынған.

Марқұмның ұлының айтуынша, олар әйелді 20 минут айқышқа (крест) байлап ұстап, емдейміз деп уәде берген. 10 ақпанға қараған түні олар әйелді Формигейра қаласындағы зиратқа апарып, азаптаған. Куәгерлердің айтуынша, экзорцистер әйелдің басынан теуіп, таяқпен сабаған. Онымен қоймай, бетінен шапалақпен ұрған. Кейін марқұмды крестке байлап қойған. 57 жастағы әйел ауыр жарақаттар салдарынан көз жұмды.

Тұтқынға алынған экзорцистер әйелді 20 жыл мазалаған екі жынды шығардық деп ақталды. Дәрігерлер әйелді құтқарып қала алмады. Полиция қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Алғашқы сот отырысы 14 ақпан күні болды.