Грузияда 8 наурызда шетелдік агенттер туралы заң жобасына қарсылық акциялары жалғасуда деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Грузия-Онлайн басылымына сілтеме жасап.
Тбилисиде парламент ғимаратына мыңдаған адамдар қайта жиналды. Заң шығарушы органға студенттер, "Әйелдер шеруіне" қатысушылар, оппозиция өкілдері мен қарапайым азаматтар келді.
Акцияға қатысушылар "Ресей заңына жол жоқ", "Грузия", "Парламенттегі әйелдер саны көбейсін", "Еуропалық таңдауымызды ешкім тартып ала алмайды, Еуропа – біздің конституциялық таңдауымыз" деп ұрандатты.
Митингке қатысушылар билікке екі талап қойды.
"Грузия арманы" Ресей заңын Парламенттен дереу алып тастап, кеше заңсыз ұсталған барлық адамдарды босатуы керек", – деді оппозиция өкілі Георгий Вашадзе.
Ол талаптарды орындауға бір сағат уақыт берді.
"Егер бір сағат ішінде жауап алмасақ, нақты қадамдарды жасаймыз. Бидзин Иванишвилиге грузиндерге құлақ асуын талап етемін! Ресей Заңын Парламенттен дереу қайтарып алыңыз!" – деді белсенділер.
Наразылық білдірушілер Парламентке шабуыл жасап, қақпаларын жауып тастады. Содан кейін арнайы күштер тартылды. Полиция демонстранттарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарды қолданды. 70-тен астам адам ұсталды.
Заң шеңберінде 20 %-дан астам шетелден қаржыландырылатын барлық БАҚ және коммерциялық емес ұйымдар иноагенттер болып саналады. Сыншылар құжаттың жобасы Ресейдегі қолданыстағы заңнамаға ұқсас және Грузияны батыстан алшақтататынын айтты.