Балаларын қойша бауыздаған жігіт Атырауда тіркеуде тұрған (ВИДЕО)

"Koremiz" бағдарламасында елді дүрліктірген жантүрігерлік оқиғаға қатысты тың деректер айтылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ақтау қаласында кәмелет жасқа толмаған үш баласын бауыздап өлтірген  36 жастағы Жәнібек Есенов Сириядан "Жусан" операциясымен елге оралғаны және Атырауда тіркеуде тұрғаны белгілі болды. Оның жат ағым жетегінде болғанын жақындары мен көршілеріне дейін растаған.

Ал, қара жамылған ана өзінің намаз оқитынын, бұл туралы жұрттың пікіріне құлақ аспайтынын айтты. Ерлі-зайыптылар өткен жылдың желтоқсанында заңды негізде айырылысып кеткен екен.


Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: kaz.caravan.kz