Атырауда төленбеген 35 айыппұлы бар автокөлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
19 мамыр күні сағат 13:30 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері Сергек бейнебақылау жүйесі арқылы Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған маркасы ВАЗ 2112 автокөлігінің қала аумағында төленбеген 35 айыппұлы бар екенін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Аталған автокөлік Мұса Баймұханов көшесі бойынан тоқтатылып, тексеру барысында төленбеген 680 000 теңге айыппұлы бар екендігі анықталды.
Автокөлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 785-бабына сәйкес хаттама жасақталып, автокөліп айып тұрағына қойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ