Атыраулық жүргізушіге 19 айыппұл салынды (+ВИДЕО)
Атырауда төленбеген 19 айыппұлы бар автокөлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
11 мамыр күні Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальон қызметкерлері Қорғау жүйесі арқылы қала аумағында төленбеген 19 айыппұлы бар Toyota Alfard маркалы автокөлігін анықтап, көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 785 бабына сәйкес хаттама жасақталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
"Жүргізуші иелеріне жол ережесі мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауларыңыз сұралады" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ