Атырауда жанып жатқан үйден үш жасөспірім құтқарылды (+ВИДЕО)

Атырау облысының полицейлері өртке оранған үйден үш жасөспірімді эвакуциялады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, 21 ақпан күні Мақат ауданы Мақат кентінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйдің 1 қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шыққаны байқалған. Полицейлер бөлім бастығының бірінші орынбасары Айымбек Қазбеков, аға учаскелік полиция инспекторы Тойғожа Азбергенов және учаскелік полиция инспекторы Сәкен Қазтұрғанов пәтердің терезесін сындыру арқылы ішіне өтіп 2 қабатта түтінге оранған пәтер ішінен 3 жасөспірімді қауіпсіз жерге эвакуациялаған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ