Головкин мен "Канело" трилогия алдында көз арбасты

Головкин мен Альварес қыркүйекте кездеседі. Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) алғаш рет 2018 жылдың қыркүйегінде кездескен еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Боксшылар үшінші жекпе-жекке арналған баспасөз туры аясында Лос-Анджелесте өткен баспасөз конференциясына қатысып, көз арбасты. Оның видеосы Twitter-дегі DAZN парақшасына жүктелді. Боксшылар бір минуттан астам бір-біріне жалтармай қарап тұрды. Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте екінші орта салмақта өтеді. Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да болады. Алдыңғы екі жекпе-жек те осында өткен. Біріншісі кездесу даулы тең нәтижемен аяқталды, ал екіншіде төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жетті.