Атырауда АЭС салуға қатысты дәріс өтті

Бүгін 12 қыркүйек "Келешек" кәсіподақтар Федерациясы Кеңесінің жастармен АЭС стансасын салу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Келешек" кәсіподақтар Федерациясы Кеңесінің басшысы Ұзақбай Еділ жастармен тілдесіп бастап, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінен спикерлер Акмарал Абдешовна, Владимир Александрович, Асылбек Шахмуратович, Райхан Тауфихқызы дәрісті жалғастырды. 

Дәрісте АЭС стансасын салудың тиімділігі, не үшін қажет, маңыздылығы, өзге электр стансаларының экологияға зияны туралы айтылды.