Атырауда кімдерге айыппұл салып жатыр?

Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырауда "Қауіпсіз дөңгелек" рейдтік акциясы басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

- Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу үшін көлік жүргізушілерінің қысқы маусымға дайындығын тексеріп, жол жүріс қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында 2-4 желтоқсан күндері рейдтік акциясы ұйымдастырылуда. Осыған орай қала тұрғындары мен қонақтарынан жолда жол жүру ережерелерін қатаң сақтауды сұраймыз,- деді қалалық Полиция Басқармасы ППБ взвод командирі Исатай Тұрсынғалиев.

Айта кетейік, егер жазғы маусымдық үлгідегі дөңгелектерді қысқы маусымда пайдаланған жағдайда жүргізушіге 5 АЕК, яғни 18460 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ал оны төлемеген немесе ережені сақтамаған жағдайда көлік автотұраққа қойылады.

Сәуле МАҒАУ