Бүгін Қазақстан Президенті жаңа шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді

 

29 наурызда Жаңа Қазақстан Мәжілісінің алғашқы отырысы өтеді. VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді. Шараға мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық Құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері шақырылған.

Президенттің Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі республикалық телеарналар мен әлеуметтік желілерде 29 наурыз күні сағат 10:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.

27 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл шақырылымның бұрынғылардан ерекшелігі – Мәжіліс сайлауы пропорционалды-мажоритарлық жүйе бойынша өткен. Өткен жылғы Конституцияға енгізілген өзгерістерден кейін Мәжіліс 98 депутаттан тұрады (бұл 107), оның 69-ы партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтер бойынша сайланды.

27 наурызда ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сайлауының соңғы нәтижелерін жариялады.