Теңіз кен орнындағы жұмысшылардың талабы бойынша арнайы комиссия отырысы өтуде.
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қазіргі таңда Жылыой ауданының әкімі Ж.Қаражановтың төрағалығымен, Атырау облыстық Еңбек инспекциясы басшысы И.Аубакиров,«Сенімді құрылыс» ЖШС өкілі, «Теңізшевройл» ЖШС-нің өкілі Айбек Крамбаевтың қатысуымен Теңіз кен орнында арнайы комиссия отырысы өтуде. Қабылданған шешім бойынша толық ақпарат беріледі.