Арнайы прокурорлар күш құрылымдарының жекелеген басшыларына қатысты тергеуді жалғастыруда.
5 қаңтарда Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында екі полиция департаменті мен үш ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары өз ғимараттарын, соның ішінде қарумен қалдырғаны белгілі.
Олардың барлығы күдікті деп танылды.
«Осы фактілер бойынша қызмет бабындағы әрекетсіздік бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды. Ағымдағы жылдың 1 және 2 сәуірінде Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары мен Алматы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа тұлғаларға қатысты қазір дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізілуде», - деді қадағалаушы орган өкілі.